Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы және қолданба жаңартулары туралы
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары мен қолданба
жаңартулары арқылы құрылғыңызға жаңа мүмкіндіктер мен жетілдірілген
функциялар ала аласыз. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту, сондай-ақ,
құрылғыңыздың жұмысын жақсартады.
6
Жалпы мәліметтер
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңартпас бұрын жеке
деректеріңіздің сақтық көшірмесін жасауға кеңес беріледі.
Ескерту
Егер жаңаланған бағдарламаны орнатып жатсаңыз, онда құрылғыны қолдана
алмайсыз. Орнату аяқталғанша және құрылғы қайта жұмыс істемейінше тіпті
шұғыл қоңырау да шала алмайсыз. Жаңаланған құрылымды қабылдаудан бұрын
мәліметті қайта орнына әкелетініңізге сенімді болыңыз.
Бағдарламалық құралдардың жаңартуларын жүктеу үлкен көлемде берілетін
деректерді қамтуы мүмкін (желі қызметі).
Құрылғыңыздың батареяның жеткілікті мөлшерде зарядталғанына сенімді
болыңыз немесе жаңалауды бастаудың алдында зарядтағыш қосыңыз.
Құрылғы бағдарламалық жасақтамасын немесе қолданбаларды жаңартқан соң,
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқаулар соңғы өзгерістерге сай болмайды.