Көлік құралдары
Радио жиілік сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку жүйесіне, электрондық тежеуге қарсы құлып жүйесіне, электрондық
жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін
көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс емес
орнату немесе қызмет көрсету қауіпті болуы және бұл құрылғыға берілетін кез келген кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін.
Көлігіңіздегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп
отырыңыз. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен
немесе қосымша аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын
ұмытпаңыз. Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз телеқұрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың
жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.